Тізімдеме

Сайдинг-бүкіл әлемдегі қасбеті безендіруге арналған материалдардың арасында ең көп сұранысқа ие болады. “Сайдинг” деген сөзіміз үйлердің қабырғаларын қаптау технологиясы деп аударылады, онда қасбеттік элементтер, яғни сайдинг,  мықты және қатты жақтауға орнатылады деп айтылған.

Сайдинг тарихы

Тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасын әрлеу үшін ең танымал қаптама материалы ол – ағаш бетіне ұқсас винил панелі. Дәл осы сайдинг түрінің сәттілік құпиясы ол – сыртқы бетінің тиімді үйлесімі, күтімнің және орнатудың қарапайымдылығы және де қол жетімді баға. Екі ғасыр бойы ағаш қаптама ең танымал әрлеу материалы болған. ХХ ғасыр сайдингке жаңа өмір сыйлады. Бірінші металл сайдингі пайда болды, содан кейін бүгінгі күнде көп сұранысқа ие болатын винил сайдингі шықты. Алғашқы винил қаптамасының өндірісі 1957 жылы басталды. Сайдингті өндіру әдісі экструзия процесінде жасалады. Яғни, балқытылған қосылысты профильді тесіктер арқылы басты, нәтижесінде берілген өлшемде винил таспалары алынады. Экструдерден шығу кезінде таспаның жиектері кесіліп, оған жұмыс профилі беріледі. Сайдинг өндірісінің екі заманауи әдісі бар • моноэкструзия • коэкструзия. Ең заманауи, бұл коэкструзия әдісі – винил панелінің екі қабатты өндірісі. Әр қабаттың өзінің бір белгілері бар. Коэкструдер өз кезегінде берілген қабаттарды молекулалық деңгейде байланыстырады. Сыртқы қабат (capstock) ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Ішкі қабат (substrate) сайдингке беріктік, жылу және аязға төзімділік береді, сонымен қатар панельдің геометриялық параметрлері мен пішіндерін тұрақтандырады. Винил сайдингі поливинилхлоридтен өндіріріледі. Мұндай сайдинг бояуды қажет етпейтін күңгірт бетке ие болады. Қаптаманың сапасы винилдегі қоспаларға тікелей байланысты. Сол қоспалар сайдингке қажетті қасиеттерді береді • түс • беріктік • қоршаған орта әсеріне төзімділік • ультракүлгін сәулелерге төзімділік • жоғары температураға төзімділік.

Сайдингті дұрыс орнату үшін сізге қосымша компоненттер  қажет — терезе мен есікті жақтайтын аксессуарлар, ғимараттың бұрыштарын әрлеуге, қасбеттің әртүрлі архитектуралық элементтерін безендіруге, қондыру түйіндерін орындауға және әртүрлі беттерді қосу үшін. Сайдинг-бұл негізінен қарағай, балқарағай немесе майқарағай ағаш қаптаманың бетіне ұқсас винил немесе металл панельдері. Ағаш қаптама өте қымбат және қысқа мерзімге шыдайтын материал болғаннан оны металл және ПВХ қаптамалары алмастырды. Металл және ПВХ сайдингтін профилі қаптауға арналған тақтай-сайдингтін профилін қайталайды. Бүгінгі таңда сайдинг сөзі сыртқы және ішкі қабырғаларды безендірудің тұтас технологиясын білдіреді. Бұл қысқа және ұзын жолақтар немесе жалпақ панельдер болуы мүмкін. Моноэкструзия процесінде панельдің қалыптасуы біртекті композицияның массасынан туындайды. Коэкструзиялық немесе екі қабатты қаптаманың пайда болуы екі әртүрлі құрамның қабатынан туындайды. Әр қабат белгілі бір технология бойынша шығарылады. Жоғарғы қабат қоршаған ортаның әсерінен қорғау функциясын орындайды, сонымен қатар жоғарғы қабат түстің тұрақтылығына кепілдік береді. Төменгі қабат, панельдің механикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді (кейбір өндірушілер төменгі қабатқа қосалқы ПВХ қосады). ПВХ-винил қаптамасының негізгі компоненті, оның массасының 80% құрайды, сондықтан қаптаманы винил деп атайды. Бірақ ПВХ-дан басқа, сайдинг құрамында панельдерге әртүрлі түстер, реңктер, бет сапасын, серпімділік, беріктік және төзімділік беретін басқа заттар бар, мысалы: модификаторлар • тұрақтандырғыштар • бояғыштар…

Бүгінгі таңда сайдинг құрылыстың барлық түрлерінде қолданылады. Коттедж және көп қабатты құрылыстармен қоймалар және өндірістік құрылысында да. Саяжайдың иелері үшін сайдингтің бағасы мен монтажы өте тартымды екендігі көрінеді. Сайдингте ғимараттың сыртқы түрін өзгертуде тағы бір артықшылығы бар. Кішкентай дүкен, үлкен ангар немесе қойма болсын. Қаптаманың пайдалануы ондаған жылдан асады. Кез-келген заманауи сайдингтің артықшылықтары, мысалы: • Сайдинг-бұл экологиялық таза материал, өйткені қазіргі заманғы технологиялар өте қауіпсіз полимерлер мен бояғыштарды пайдаланады. Сондықтан, металл және винил қаптамасында зиянды компоненттер мүлдем жоқ. • Сайдинг жанбайды және ғимарат өртенген кезде адам өміріне қауіпті улы газдарды бөлмейді. • Сайдинг жауын-шашынға, тіпті өнеркәсіптік аймақтардағы “қышқыл жаңбырға” төзімді. • Сайдинг ұзақ мерзім қызмет етеді, жоғары және төмен температураға төзімді, винил сайдинг ламелалары сөнбейді, пішінін жоғалтпайды және жарылып кетпейді, ал заманауи технологиямен өндірілген металл сайдингі болса коррозияға ұшырамайды. • Сайдинг қосымша күтімді қажет етпейді. • Сайдинг қасбетті өте жақсы қорғайды. • Сайдинг улы емес және жанбайды; • Сайдинг -50-ден +50°С-қа дейінгі температурада қолдануға рұқсат етіледі; • Сайдинг-биологиялық инертті материал; • Бай түстер палитрасы, профильдер мен әрлеу элементтерінің көп өзгергіштігі және әртүрлі аксессуарлардың болуы; • Сайдинг үйдің қабырғаларын бітеп тастамайды, бұл қасбеттің “тыныс алуына” мүмкіндік береді – панельдердің төменгі жиектерінде желдетуге және конденсатты шығаруға арналған тесіктер бар; • Сайдинг үйді жылыту шығындарын айтарлықтай төмендетеді өйткені жақтау арасында жылу оқшаулағыш материалы салынуы мүмкін; • Жоғарыда аталған сайдинг сапасы материалды таңдауда маңызды.